📚18сәуір күні «Ұлттық кітап күні» апталығының онкүндігі аясында арнаулы кітапханада талантты жерлес-ақын, ф...
📚18сәуір күні «Ұлттық кітап күні» апталығының онкүндігі аясында арнаулы кітапханада талантты жерлес-ақын, философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, айтыскер,зерделі зерттеуші Есентүгел Аманкелдіұлы Әзиевтің шығармашылығына арналған «Сөз өнеріңдегі өлкетану» атты әдеби кеші өтті.
Мақсаты: Өлкедегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгердің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, оқырмандардың кітап оқуға құлшынысын арттыру.
Поэзия мәңгі өлмес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу-маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп-жұмыр жауһар дүние. Қазақ халқының арман — мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған. .
Кеш барысында ақынның өміржолы мен шығармалары таныстырылды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары, кітапхана қызметкерлері ақынның көрікті, жалынды жырларын мәнерлеп оқып, сөзіне жазылған әндер бейнероликтен тыңдалды. «Өмір-Өлең!» атты кітап көрмесі жасақталып, ақынның кітаптарына, жинақтарына библографиялық шолу жасалды.
Оқырмандар ақын өлеңдерін тыңдай отырып, жасынан өлеңді серік еткен ақын шығармашылығынан біршама ой түйіп, жақсы әсер алды. @aqtobe.madeniet #ҰлттықКітапКүніАқтөбe