Каталог
Кітапхана жаңалықтары

29 қыркүйек күні арнаулы кітапханада «Компьютерді меңгеріп, көкжиегіңді кеңейте түс» тақырыбында танымдық саға...

29 қыркүйек күні арнаулы кітапханада «Компьютерді меңгеріп, көкжиегіңді кеңейте түс» тақырыбында танымдық саға...
29 қыркүйек күні арнаулы кітапханада «Компьютерді меңгеріп, көкжиегіңді кеңейте түс» тақырыбында танымдық сағат өтті.
Мақсаты: зағип және нашар көретін азаматтарды заманауи тифлотехнологияларды тиімді пайдалануға үйрету, ақпаратқа қолжетімділігін кеңейту және компьютермен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Шара барысында көру қабілеті бұзылған жандарды компьютерді еркін пайдалануына мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар мен құрылғылар таныстырылды.

Атап айтқанда:
🔹 JAWS – экрандағы ақпаратты дыбыстап оқуға мүмкіндік беретін экрандық диктор бағдарламасы;
🔹 тактильді дисплей – компьютердегі мәтіндік ақпаратты Брайль қарпі арқылы сезіну және оқу мүмкіндігін беретін арнайы құрылғы;
🔹 Fusion ZoomText – экрандағы мәтіндер мен кескіндерді үлкейтіп, көруі төмен пайдаланушыларға компьютермен жұмыс істеуге көмектесетін бағдарлама.

Қатысушылар аталған технологиялардың мүмкіндіктерімен танысып, оларды қолдану жолдары бойынша пайдалы ақпарат алды. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.