Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚10 сәуір күні арнаулы кітапхана қызметкерлері қалалық Ә.Марғұлан атындағы № 71 жалпы білім беретін орта ме...

📚10 сәуір күні арнаулы кітапхана қызметкерлері қалалық Ә.Марғұлан атындағы № 71 жалпы білім беретін орта мектепте белгілі ақын, фольклоршы, көрнекті Алаш қайраткері ағартушы, ғалым-философ, теолог Ғұмар Қараштың туғанына 150 жыл толуына орай «Ғұмар Қараш – Алаш тұлғасы» атты ақпараттық сағатын өткізді.
Мақсаты: Тарихи тұлғаны дәріптеу, өскелең ұрпаққа ұлы ойшыл Ғұмар Қараштың шығармашылығын насихаттап, өлеңдерін мәнерлеп оқыту арқылы жеткіншектердің туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ғұмар — көрнекті ақын, ағартушы-педагог, ғалым, ойшыл — философ, халқын өнер мен ғылымға, берекелі ел болуға үндеген қайраткер ағартушы, дін шариғат, имандылық жолы, араб, парсы,түрік, татар,башқұрт тілдерін жетік білген ғұлама – ахун, өз дәуіріндегі мерзімді баспасөзге қазақ елінің көкейкесті мәселелері хақында үзбей ой толғаған қаламгер, «Қазақстан» , «Дұрыстық жолы» сияқты газеттер мен «Мұғалім» журналын шығару үшін қызу атсалысқан баспасөз жанашыры, педагогика тарихында өзіндік орны бар белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.
Аталмыш шарада көрнекті ақын, ойшыл-философтың қоғамдық-саяси өмірі мен қызметі, сол дәуірдің көкейкесті мәселелері хақындағы өлеңдері мен мақалалары, сондай-ақ педагогикалық шығармашылық қызметі сөз болып, «Азаттықты аңсаған Ғұмар Қараш» атты кітап көрмесіне библографиялық шолу жасалды. @aqtobe.madeniet @71_mektep
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.