Тілендиев Нұрғиса Атабайұлының туғанына 100 жыл. 🎶🎶. 📚«Сөз сыры» жобасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
📚Композитордың өмірінен,шығармашылығынан бейнебаян көрсетілді. Нұрғиса Атабайұлының өмір жолы, өскен ортасы, ата-анасы, майданға аттануы, сарбаздық жолы, шығармашылығы туралы толық ақпарат берілді. Композитордың әдебиет әлеміндегі ақындармен байланысы сөз болды. «Қазақ сазының сайып қыраны» тақырыбында деректі фильм көрсетілді.
Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің оқытушысы Айнұр Ерболатқызының жетекшілігімен өнерлі студенттерден құралған «Тұран» ансамблі «Жекпе -жек», «Аңсау», «Әлқисса», « Ер Тұран» күйлерін тарту етті. «Тұран» ансамблі мен Алтынбекұлы Санжар «Келеді құстар қайтып» әнін шырқады. Сонымен қатар, «Куә бол», “ Саржайлау”, “ Қайран менің жүрегім” әндерін шырқады. Тілеміс Мадияр «Алтынай», «Ана туралы жыр», « Әке» әндерін арнап, оқырмандардың жүрегіне ән арқылы жол салды. @aqtobe.madeniet @aktobeahgk

