📚Бүгін 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні! Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан баста...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
⚜️Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен Ә.Марғұлан атындағы №71 орта мектептің кітапханасында 2 сәуір – халықаралық балалар кітабы күніне орай оқушылардың кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында «Ғажайып кітаптар әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық ойын болып өтті.
Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, оқырмандарға кітап оқуды насихаттау.
🔸Іс-шара барысында кітап көрмесіне шолу жасалып, кітап туралы өлеңдер оқылды. Сонымен қатар, интеллектуалдық ойындар ойнатылып, «Шалқан» ертегісінің желісімен көрініс қойылды.
🔸Кітап қадірін білетін, кітап құмар балалар қатары көбейе берсін! @aqtobe.madeniet @71_mektep

