Каталог
Кітапхана жаңалықтары

⚜️Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл то...

⚜️Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты тақырыпта Абай ескерткішінің әдеби алаңында іс-шара өтті.
Әдеби іс-шара Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімімен басталды. Ұлы ақынның рухына тағзым етуге зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары, « Қазақ аналары-дәстүрге жол» жобасының әжелері және зағип оқырмандар қатысты.
⚜️Шара барысында көпшілік қауымға «Қара сөзді бірге оқимыз», «QR арқылы Абайды оқиық!» электронды QR көрме жасақталып, көпшілік қауымға таныстырылды. «Абай әлеміне саяхат» тақырыбында интеллектуалды Quiz ойындар өткізіліп, «Абайды оқы, таңырқа» Брайль қарпіндегі кітаптар жарыса оқылды.
Сонымен қатар, оқырмандарға «Толық адам-кемел қоғам негізі» Теd форматындағы кездесу ұйымдастырылып, Абай айтқан «толық адам»туралы түсінігі –оның адамгершілік философиясының негізгі идеялары туралы еркін пікір алмасты. Мазмұнды шарада ұлы ақынның ғибратты қара сөздері мен әсем әндері шырқалып, Ұлы Абайдың өнегелі мұрасы насихатталды. @aqtobe.madeniet #Абайкүні
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.