Каталог
Кітапхана жаңалықтары

20 наурыз күні №13 жалпы орта білім беретін мектепте арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен жергілікті ақын, Қаз...

20 наурыз күні №13 жалпы орта білім беретін мектепте арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен жергілікті ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қуандық Шаңғытбаевтың туғанына 100жыл толуына орай “Сұлулық пен әсемдікке іңкәр ақын” атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Шара барысында ақынның өмір жолы бейнеролик арқылы көрсетілді.
Сонымен қатар, кітап көрмесі жасақталып, оқушыларға таныстырылды. Оқушылар “Туған жер”, “Шаңғытбай қорасында”, “Менің автопортретім”,” Ар” өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ақынның әдеби жолы сан түрлі сара жолдардан құралған. Әзілкеш, лирик, әсемдікті жаны сүйетін қаламгердің бойындағы біз білмейтін тұстары, жазушының замандастары бөліскен естеліктері арқылы оқырмандар толық мәлімет алды. @aqtobe.madeniet @akt_13_13
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.