Ақтөбеде молшылық пен тоқшылықтың белгісі «Тайқазан» шежіресінен сыр шертілді
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
Ақтөбеде Наурызнаманың онкүндігі аясында Жаңару күніне арналған ойын-сауық кеші ұйымдастырылды.
Қала жастары, яғни бозбалалар мен бойжеткендер алтыбақан теуіп, ұмыт бола бастаған «Ақсүйек», «Орамал тастау» және тағы да басқа ұлттық ойындарымызды қайта жаңғыртты.
Облыс орталығындағы «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы алаңында киіз үйлер тігіліп, дастархан жайылды. Наурыздағы молшылық пен тоқшылықтың символы – Тайқазан орнатылды. Оның диаметрі екі жарым, биіктігі 3 метрден асады. Алаңға жиналғандарға түрлі-түсті жарықтармен көмкерілген жәдігер туралы тарихи аңыздар айтылды, шежіресінен сыр шертілді.
@aqtobe.madeniet
Кешке өнер ұжымдары да үлкен дайындықпен келген. Ескі әндет шырқалып, мерекеге келгендерге ерекше көңіл-күй сыйланды. #ақтөбенаурызнама

