Каталог
Кітапхана жаңалықтары

Арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледж оқушыларына «Арт терапия»...

Арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледж оқушыларына «Арт терапия» жобасы аясында «Тактильді композиция» шарасы ұйымдастырылды.
Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, тактильді сезіну арқылы қоршаған ортаны қабылдау мүмкіндіктерін кеңейту, көңіл күйін көтеру және шығармашылыққа қызығушылығын арттыру.
Шара барысында жас оқырмандар саз балшықпен жұмыс жасап, өз қиялдарына сәйкес түрлі композициялар жасады. Саздың жұмсақ құрылымын қолмен сезіну арқылы балалардың саусақ моторикасын жетілдіруге, зейінін шоғырландыруға және шығармашылық жұмыс жасауға мүмкіндік берілді.
Тәжірибелік жұмысты @Dalacrafts_aktobe қыш-құмыра орталығының мамандары жүргізіп, саз балшықпен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетті.
«Тактильді композиция» терапиясы балаларға жағымды эмоция сыйлап, шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырды. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.