Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
«Ғылымды дамыту – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Әсіресе дарынды, қабілетті жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау өте маңызды», – деп атап өтті Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте.
Ғылымды дамыту – Қазақстан үшін басты басымдықтардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылыми зерттеулерді қаржыландыру ұлғайтылды, ғылыми ұйымдар жаңғыртылуда, сондай-ақ шетелде тағылымдамалар саны артуда, бұл ғылымды жастар үшін тартымды етеді және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және зерттеу инфрақұрылымын нығайтуға ықпал етеді.
Ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 2025-2027 жылдарға 531,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды.
Мемлекет басшысының әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында 500 ғалымның жыл сайынғы тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау үшін шетелде ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы іске қосылды.
Сондай-ақ «Жас ғалым» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Докторларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы өсуде.
Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту маңызды бағыт болып табылады. Мұндай өзара іс-қимылдың сәтті мысалы – ғылыми-технологиялық сессиялар. Бүгінгі таңда Қазақмыс, Қазатомөнеркәсіп, ERG, Қазминералс, Қармет, ҚазақОйлАқтөбе, Қазмырыш сияқты ірі кәсіпорындармен бірлесіп ел өңірлерінде осындай 9 сессия өткізілді.

