📎20 ақпан күні арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен қалалық Ілияс Есенберлин атындағы №15 жалпы орта білім бе...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет.
📎Шара барысында “Жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында кітап көрмесі жасақталып таныстырылды.№15 мектеп мұғалімдері қоғамда өзекті мәселеге айналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жолы қандай? Қоғам сыбайлас жемқорлықпен қалай күресу керек? Аталған сауалдарға ой -талқы жүргізіліп,пікірлер айтылды. @aqtobe.madeniet. @aktobeschool_15

