📚14 ақпан күні №5 жалпы білім беретін орта мектепте арнаулы кітапхана “ Бір ел- бір кітап” акциясында таңда...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
📚14 ақпан күні №5 жалпы білім беретін орта мектепте арнаулы кітапхана “ Бір ел- бір кітап” акциясында таңдалған ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған «Шоқтығы биік қаламгер» атты дауыстап оқу өткізді.
📚Тәкен Әлімқұлов - ұлттық рух пен көркемдік ізденісті шығармашылығының өзегіне айналдырған қаламгер. Ол қазақ әдебиетіне биік талғам, тереңдік және мінсіз стиль әкелген жазушы.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері қазыналы Қаратау мен сырлы Сарыарқа өңірінің ел арасында мол ұшырасатын аңыз-әңгімелерін, халық арасындағы қазақтың салты мен дәстүрін терең зерттеп, ұрпаққа мол мұра қалдырған Әлімқұловтың шығармашылығынан сөз қозғап, оқушылардың ой-танымын кеңейтті.
Сондай ақ, ақынның өмірі мен қызметі жайлы бейнеролик көрсетіліп, кітаптары шығармалары туралы баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен естеріліктерінен құралған «Көркем туындылардың шебері» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. @aqtobe.madeniet @5_orta_mektep