Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📔17 қаңтар күні арнаулы кітапханада « Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра»- деп жырлаған Қазақст...

📔17 қаңтар күні  арнаулы кітапханада « Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра»- деп жырлаған Қазақст...
📔17 қаңтар күні арнаулы кітапханада « Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра»- деп жырлаған Қазақстанның халық жазушысы,ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Өлең - өнер пернесі» атты әдеби кеші өтті. Әдеби кешке «Ақбөбек» халықаралық мектеп оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты. Кеш барысында Қадыр ақынның «Ана», «О тіршілік!» , «Қасқыр қайда барасың?», «Қызыл кітап» поэмасынан үзінді және «Бақыт» өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.📔Қадыр Мырза Әлі «Күндер-ай» жеке жинағын құрайтын 200-ден астам мәтіннің және 50-ден аса поэзиялық жинақтардың авторы.
📔Қаламгер қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан ақын. Сонымен қатар, ақынның тағы бір өмірлік қызығушылығы – жұмбақтар. Ол қазақ оқырмандарын әлем халықтарының жұмбақтарымен таныстырған аудармашы ретінде, жүзден астам ұлттың жұмбақтарын жинап, аударған. Шара барысында оқырмандарға жұмбақтар оқылып, қызығушылықпен шешімін тапты.
📔Кітапхана оқырмандары: Ж.Құлмағанбетұлы, К.Нұрқасымқызы, М.Рахымжанқызы, Ә.Жақсыбайұлы шараға белсене қатыстып, ақынның сөзіне жазылған әндерін орындады.
Қазақ бар да ,Қадыр бар. Оның асыл сөздері өз дәуірінің және болашақтың үніне айналады. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.