Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚18 желтоқсан арнаулы кітапханада қазақтың бұлбұлы,қазақ өнерінің саңлағы,аты аңызға айналған әнші Б.Төлегено...

📚18 желтоқсан арнаулы кітапханада қазақтың бұлбұлы,қазақ өнерінің саңлағы,аты аңызға айналған әнші Б.Төлегенованың 95 жылдығына арналған «Қазағымның –бұлбұл құсы» атты әуенді кеші өтті. Кеш барысында ғасырға жуық өмір тарихы бар күміс көмей әншінің өмір жолы, шығармашылық қабілеті мен орындаушылық шеберлігі туралы баяндалды. Ұлт мақтанышы Бибігүл Ахметқызы 70 жылдан астам сахнаның сәнін келтірді. Біртуар бұлбұл әншінің ән қоржынында қазақтың халық әндері, Қазақстан композиторларының шығармалары, әлемдік музыка жауһарлары бар. Соның бірқатары, оның ішінде: «Ана»,«Қайықта», «Бұлбұл», «Алтыным»әндері осы кеште шырқалды. Әуенді кешке арнайы қонақ ретінде кітапхана оқырманы, музыка пәнінің мұғалімі, қазіргі таңда зейнеткер ұстаз атанған Марзия Рақымжанқызы шақырылып, оқырмандармен бірге ән шырқап зор қошеметке бөленді. Сонымен қатар, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студентері Ф.Оңғарсынованың «Бибігүл -ән», Мұқағали Мақатаевтың «Бибігүлге» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. @aqtobe.madeniet #бибігүлтөлегенова95жас✨
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.