Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚13 желтоқсан күні арнаулы кітапхана қызметкері Қ.Қонысбай №5 жалпы білім беретін орта мектепте 16 желтоқсан...

📚13 желтоқсан күні арнаулы кітапхана қызметкері Қ.Қонысбай №5 жалпы білім беретін орта мектепте 16 желтоқсан...
📚13 желтоқсан күні арнаулы кітапхана қызметкері Қ.Қонысбай №5 жалпы білім беретін орта мектепте 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-елімнің еркін жолы» тарихи- танымдық кешін өткізді. Тарихи-танымдық кешке мектептің 9 класс оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі С. Карабаева қатысты. 📚Тарихи-танымдық сағат барысында «Тәуелсіздік бізге не берді?» шағын бейне көрсетілімі оқушылар назарына ұсынылды. Тәуелсіздікке жету тарихы баяндалып, тақырыптық көрме жасақталды. Желтоқсанның ызғарында жастардың батылдығы мен батырлығы туралы сөз болды. «Тәуелсіз елдің жетістіктері» слайды арқылы оқушылар сұрақтарға жауап берді. Ерлікті ұлықтайтын баяндама оқылып, «Ел тарихындағы айтулы оқиғалар» бейнеролигі көрсетілді. Ұлық мерекеде жалынды жыпрлар оқылды. Шараға белсене қатысқан оқушылырға кітапхана директоры
Қ. Раймбаеваның алғыс хаты табысталды. Тағылымды тарихи сағат Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», күйші Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйімен қорытындыланды. @aqtobe.madeniet @5_orta_mektep #желтоқсанжелі🇰🇿 #тарихтағыайтулыкүн
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.