📚9 желтоқсан күні №71 Ә.Марғұлан атыңдағы орта мектептің оқушыларымен «25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында»...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
📚Қоғам қайраткері, жазушы Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» шығармасы- ата мен келіннің, әке мен баланың, ұлт пен ұрпақ арасындағы берік арақатынасты көрсете білген тамаша туынды. Тәлім-тәрбие мен үлгі-өнегеге толы бұл кітапта аты аңызға айналған қазақтың қайсар да батыр ұлы гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының соғыстан кейінгі жылдарындағы өміріне арналған. Оның қайталанбас кісілік қасиеттері мен бекзат болмысы өзге қырынан танылып, ұрпақтар сабақтастығы мен тәрбие тұнығы бір арнаға тоғысқан отбасының игі дәстүрлері, тағы да сол сияқты жөн-жоралғыларды баяндалады.
Кеш барысында кітапханашы Ш.Тагыбердина кітаптың жазылу тарихымен, шығарманың
бас кейіпкері - дана да дара Бауыржан Момышұлының іс-әрекеті, отбасындағы, өскен ортасына деген қарым-қатынасы туралы айтып, оқушылар ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының парасатты пайымы мен тұшымды ойлары, өнегелі сөздері туралы өз пікірлерімен бөлісті. @aqtobe.madeniet @71_mektep

