Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📗22 қараша күні арнаулы кітапхана қызметкері Қ.Қонысбай №5 ЖОББМ 10 класс оқушыларына қазақ ақыны, сықақшы,...

📗22 қараша күні арнаулы кітапхана қызметкері Қ.Қонысбай №5 ЖОББМ 10 класс  оқушыларына  қазақ ақыны, сықақшы,...
📗22 қараша күні арнаулы кітапхана қызметкері Қ.Қонысбай №5 ЖОББМ 10 класс оқушыларына қазақ ақыны, сықақшы, Ысты руынан шыққан Шона Смаханұлының 100 жылдығына арналған «Сыршыл, шыншыл ақын» әдеби сағатын өткізді. 📗Қызыл сөздің шебері, киелі ана тіліміздің жанашыры, сатираның сарбазы Шона Смаханұлы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келіп,1950 жылдан бастап әдеби шығармашылықпен айналысқан. Ақынның «Әнші әтеш», «Ұр тоқпағым, ұр», «Айға ұшамын», «Ұры тіс», «Қу түлкінің сыбағасы» сынды өлеңдері бар. Тіл жанашыры қазақ даласында 25 қазақ мектептерінің ашылуына себепкер болған тұлға.
Әдеби сағат барысында проза мен поэзия жанрында қатар қалам тербеген қаламгер туралы өмірдерегінен бейнеролик көрсетіліп, ұрпақтары туралы толық ақпарат берілді. «Күллі әлемнің күлкісі» атты кітап көрмесі жасақталып оқырмандарға таныстырылды. Шоқ тілді ақын жайында ақын-жазушылардың пікірлерінен слайд жасалды.Оқушылар қаламгердің балалық, жастық шағымен өскен ортасын, өмір кезеңдерін бейнелеп шағын көрініс көрсетті. 📗Сатира саңлағының әзілдер топтамасы оқушылар назарына ұсынылды. Әдеби сағат Шона Смаханұлының сөзіне жазылған «Ана тілім» әнімен қорытындыланды. @aqtobe.madeniet @5_orta_mektep
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.