🔷12 қараша арнаулы кітапханада 13 қараша-Халықаралық зағиптар күніне арналған «Жарық әлем жүректерге нұр сый...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
🔹Жазымыштың жазуымен жанарынан айырылған, көру мүмкіндігі шектелген арнаулы кітапхананың зағип оқырмандарына атаулы күннің шығу тарихына негіз болған белгілі ағартушы Валентин Гаюи туралы ақпарат берілді.
🔹Әдеби- сазды кешке Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі оқытушылары: Гүлнәр Сағынышқызы, Шолпан Ахметқызы мен студенттері қатысты. Сонымен қатар, қалалық №15 І. Есенберлин атындағы мектеп кітапханашысы Жақсыбике Шоқпытқызы және мектеп оқушылары қатысты.
🔹Шара барысында студенттер: Ж. Серікбай, Н. Әлібиұлы, А. Бегімбаев жанды дауыста қазақтың дәстүрлі әндерін шырқап құлақ құрышын қандырды. Н. Әлібиұлы Жақсан Тәңірбергеннің термесі «Өсиет», Әлихан Дүйсебайдың «Құмай тазы» термесін орындады. А. Абилкаирова, Нұртаза Мейіржан «Жараламағын» әнін шырқаса, №15 І. Есенберлин атындағы мектеп оқушылары: Д. Сырлыбаева « Бақытты бала», А. Бекболат «Қазақстан» әнін шырқады.
Кітапхана оқырманы Алмаш Төреғалиқызы, Ә. Шегебайдың «Қара шаңырақ» кітапхана қызметкері М. Тулегенов В. Мартыненконың « О Родине» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай –ақ , кітапхана қызметкері Г. Мақсотова «Жалғасын тап» библиоман ойынын өткізді. Сазды кеште Н. Махамбетовтың демеушілігімен оқырмандарға естелік сыйлықтар табысталды.
🔹Кеш соңында кітапхана директоры Қ. Раймбаева сөз алып, әдеби-сазды шарада белсенділік танытқан өнерпаздарды алғыс хатпен марапаттады.
Жанарсыз жүріп жарық әлемді жүрекпен көретін жандар жас өнерпаздарға ақ батасын беріп, ізгі тілектерін арнады. @aqtobe.madeniet @aktobeahgk @aktobeschool_15

