Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📕29 қазан күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар арнаулы кітапханасы Ырғыз аудандық орталықтандырылған кіт...

📕29 қазан күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар арнаулы кітапханасы Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде “Кітапхана қызметіндегі инклюзивті өзара әрекеттесудің өзекті нысандары” әдістемелік семинарын өткізді.
Әдістемелік семинар мақсаты: зағип және көзі нашар көретін оқырмандармен жұмыс барысында кітапхана мамандарының кәсіби деңгейін арттыру, инклюзивті кітапханалық қызмет көрсету саласында тәжірибе алмасу, жобаларды талқылау, кітапханалар, білім және мәдениет мекемелері, қоғамдық ұйымдар арасында кәсіби байланыс орнату.
📗Шара барысында “Арнаулы кітапхана- рухани байлық ордасы” тақырыбында кітапхана қызметкері Қ. Қонысбай баяндама оқып, бейнеролик көрсетілді. Сондай ақ, “Тифло-техникалық құралдармен таныстыру” тақырыбында зағип жандарға арналған тифлоқұрылғыларды таныстырып, француз тифлопедагогы Луи Брайль туралы ақпарат берілді.
📕Сонымен қатар, кітапхана қорына әдістемелік құралдар таныстырылып “ Сізбен қатар және сізбен бірге” жадынамасы табыс етілді. “Ерекше кітаптар әлемі “ жобасы аясында түскен тактильді кітаптардан көрме жасақталып, библиографиялық шолу жасалып, зағип жандарға арналған спорт түрлері насихатталды.
Сондай-ақ, кітапхана ұжымына Ш. Тагыбердина “Жақсы көңіл- күй жанға қуат” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Шара қорытындысы кітапхана қызметкерлеріне арналған сауалнамамен аяқталды. @aqtobe.madeniet @irgizkitapkhana
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.