Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚23 қазан күні арнаулы кітапхана қызметкерлері Ә. Марғұлан атындағы №71 жалпы орта білім беретін мектептің...

📚23 қазан күні арнаулы кітапхана қызметкерлері  Ә. Марғұлан атындағы №71  жалпы орта білім беретін мектептің...
📚23 қазан күні арнаулы кітапхана қызметкерлері Ә. Марғұлан атындағы №71 жалпы орта білім беретін мектептің мәжіліс залында Алаш азаматтары:
Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жылдығына арналған “Үш ғұмыр, бір тағдыр» атты әдеби конференциясын өткізді. 📚Әдеби конференцияға мектеп мұғалімдері мен оқушылары кітапхана мамандары қатысты. Әдеби конференция барысында “ Үш бәйтерек-үш алып” тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды. 📚Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С. Сарпықова “ Үш бәйтерек” тақырыбында баяндама оқыды. Қазақ халқының ұлттық әдебиетінің қалыптастыру мен елдің қоғамдық өмірінің дамуына үлкен үлес қосқан тұлғалар жайында бейнероликтер көрсетіліп, қаламгерлер жазған түрлі тақырыптағы шығармаларымен адамдардың жаңа заманға сай, сауатты болуына, елді оқуға, білім алуға шақырған еңбектері туралы баяндалды. Сонымен қатар, оқушыларға конференция мазмұнына сәйкес сұрақтар қойылып, қоғам қайраткерлерінің өлең шумақтары оқылды. Әдеби конференция С. Сейфуллиннің “Тау ішінде”әнімен қорытындыланды. @aqtobe.madeniet @71_mektep
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.