Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚16 қазан күні арнаулы кітапхана қызметкерлері Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде “Бр...

📚16 қазан күні арнаулы кітапхана қызметкерлері Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде “Бр...
📚16 қазан күні арнаулы кітапхана қызметкерлері Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде “Брайль жүйесі бойынша үйрету жолдары”атты әдістемелік тренинг өткізді. Әдістемелік тренинг мақсаты: зағип және нашар көретін оқырмандармен жұмыс барысында кітапхана мамандарының кәсіби деңгейін арттыру, инклюзивті кітапханалық қызмет көрсету саласындағы үздік тәжірибелер мен жобаларды талқылау, кітапханалармен қатар білім және мәдениет мекемелері, қоғамдық ұйымдар арасында кәсіби байланысты, әріптестікті нығайтып тәжірибе алмасу.
📚Шара барысында “Арнаулы кітапхана тарихы және қазіргі кезең” тақырыбында баяндама оқылып бейнеролик көрсетілді. “Актуальные формы библиотечной деятельности в работе с незрячими”тақырыбында тифлоқұралдар таныстырылып, қазақ тілінде Брайльша әріп жазудың авторы, алғашқы қазақ тифлопедагогы, Ақан Қасымовтың өмірбаяны оқылды. Брайль жүйесі бойынша оқу және жазу шеберлік сағатын өткізді. 📚Сонымен қатар, Брайль жүйесі бойынша жазылған әдістемелік құралдар, “Ерекше кітаптар әлемі “ жобасы аясында түскен тактильді кітаптардан көрме жасақталып, библиофреш көрсетілді. Кітапханаға сыйға “Сізбен қатар және сізбен бірге” атты жадынама табыс етілді. Сондай-ақ, кітапхана ұжымына “Жақсы көңіл -күй жанға қуат” тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Шара қорытындысы әдістемелік тренингтің мазмұнына сәйкес, кітапхана қызметкерлеріне арналған сауалнамамен аяқталды. @aqtobe.madeniet @qargaly_kitapkhanasy
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.