Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚Қалалық №5 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залында биыл «Оқитын өлке» акциясында таңдалған ақын , көрк...

📚Қалалық №5 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залында биыл «Оқитын өлке» акциясында таңдалған ақын , көрк...
📚Қалалық №5 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залында биыл «Оқитын өлке» акциясында таңдалған ақын , көркем сөздің зергері Сағи Жиенбаевтың 90 жылдығына арналған «Жанымның жалын жырлары» әдеби кеші өтті.
🔷️Әдеби кешке мектептің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
🔷️Шара барысында оқушыларға Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Оймауыт ауылынан шыққан әдебиетке өзіндік үн қосқан әдеби қызметкер, майдангер ақын, Сағи Жиенбаевтың өмір жолы, өскен ортасы туралы слайд көрсетіліп, толық мәлімет берілді.
🔷️Ақынның отбасы, ұрпақтары туралы қызықты деректер бейнероликтер көрсетілді. Сағи Жиенбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы «Қарлығаш», «Туған жер», «Оймауытым» өлеңдері оқылды. Оқушылар ақынның тақырып таңдау ерекшеліктеріне арналған сұрақтарға жауап берді.🔷️«Поэзия зергері» тақырыбында ақынның шығармашылығын насихаттайтын кітап көрмесі оқушыларға таныстырылды.
🔷Әдеби кеш Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған “ Ауылға қайтып келемін” әнімен қорытындыланды.
#оқитынөлке2024📚
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.