📚27 қыркүйек күні арнаулы кітапхана қызметкерлері Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
📚Шара барысында Дәметкен Абдуалиқызы “Арнаулы кітапхана тарихы және қазіргі кезең” тақырыбында баяндама оқып, бейнеролик көрсетілді. Максат Амантайұлы Браильша әліппе пернесін, тифлофлешплеер, “VoiceOver” және “Be My
Eyes” мобильді қосымшаларымен
таныстырып, Брайль жүйесі бойынша оқу және жазу шеберлік сағатын өткізді. Сонымен қатар, бедерлі нүктелі қаріппен жазылған әдістемелік құралдардан көрме жасақталып библиофреш өткізілді. Кітапханаға сыйға “Сізбен қатар және сізбен бірге” атты жадынама табыс етілді. Сондай-ақ, Гульбану Берікқызы кітапхана ұжымына “Жақсы көңіл -күй жанға қуат” тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп ұжымға тамаша көңіл күй сыйлады. Шара қорытындысы әдістемелік тренинг мазмұнына сәйкес, кітапхана қызметкерлеріне арналған “Кітапханалық қарым-қатынас” сауалнамасымен аяқталды.
@aqtobe.madeniet

