Каталог
Кітапхана жаңалықтары

Арнаулы кітапхана қызметкерлері отбасы құндылықтарын ұлықтап, ұлттық дәстүрді дәріптеуге, татулық пен сыйласты...

Арнаулы кітапхана қызметкерлері отбасы құндылықтарын ұлықтап, ұлттық дәстүрді дәріптеуге, татулық пен сыйластықтың мәнін терең түсінуге арналған «Отбасым – алтын діңгегім» атты тағылымды подкаст ұйымдастырды.
Подкастымыздың қадірлі қонағы – берекесі мен бірлігі жарасқан, ұлттық салт-дәстүрді берік ұстанған, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп, өнегелі өмір сүріп келе жатқан Есркегеновтар отбасымен сұхбат жүргізілді.
Сұхбат барысында қонақтарымыз қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін дәріптеудегі отбасының рөлі, үлкенге құрмет, кішіге ізет, ата-ананың бала тәрбиесіндегі өнегесі және ұрпақтар сабақтастығы туралы өз ой-пікірлері мен өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.@aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.