⚜️ 5 қыркүйек күні «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
Кеш кітапхананың тұрақты оқырманы, Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша филиалы төрағасы, Ақтөбе корпоративтік қордың президенті Назым Жұрынбайқызына арналды. Шараға қонақ ретінде Назым Жұрынбайдың жолдасы Мұрат Мадинов, анасы - Гүлімай Зейнебекқызы, екінші анасы – Жұмасұлу Берсігурқызы, зағиптар мәдениет үйінің директоры Ақыл Жұбандықұлы және достары мен ұжымдастары шақырылды. Шара барысында қонақтар кейіпкерге арнап ыстық ықыластарын білдіріп, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар Назым Жұрынбайдың оқытушысы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен Айтимов Марат ағай жолдаған құттықтау видеоролигі оқырмандардың назарына ұсынылды. «Жанарсыз да жарық әлем» тақырыбында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынып, оқырмандарға психологиялық тренинг жүргізілді. Шара барысында қалалық зағиптар мәдениет үйінің қызметкерлері оқырмандарға әсем ән, күмбірлеген күйін тарту етті. Мотивацияға толы кешке облыстық «Aqtobe» телеарнасының тілшілері куә болды.
@aqtobe.madeniet @aktobe_kos #otbasykuni #adalazamat #адалазамат #отбасыкүні

