Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚4 қыркүйек күні арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен «5 қыркүйек – Тілдер күні» мерекесіне орай № 5 орта...

📚4 қыркүйек күні арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен «5 қыркүйек – Тілдер күні» мерекесіне орай № 5 орта мектебінде 5 сынып оқушыларына «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты поэзия сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету; қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ, нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту; оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу.
Шара барысында оқушылар тіл туралы өлең шумақтарын оқып, ән шырқап, қойылған сұрақтарға ойларын ашық жеткізіп шараның өз деңгейінде өтуіне белсене атсалысты. @aqtobe.madeniet
@5_orta_mektep
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.