20 тамыз күні арнаулы кітапханада «Ислам түсініктері» атты сұхбат өткізілді. Шараға Ақтөбе облысының дін істе...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
Мақсаты: оқырмандарға жалпы дін соның ішінде ислам дінінің адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалыққа тәрбиелеудегі маңызы мұсылман дінінің өміршеңдігі туралы мағлұматтар беру.
Сұхбат барысында оқырмандар әр мұсылман өз дінін насихаттағаны дұрыс және дініне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарауға міндетті екендігі айтылды. Шара қонағы Самат Сапарұлы ислам діні жөнінде жастар арасында жақсы көзқарас қалыптастырып, қоғамдағы ислам дінін жамылған өзге діндерді ұстанушыларды теріс бағытқа түсіп кетуден сақтану жолдарын үйрету әр ересек адамның парызы екендігін ескертті.
Кітапхана оқырмандары көкейдегі кейбір өзекті сұрақтарына теолог маманнан толық жауап алды. @aqtobe.madeniet @ansar_aqparat

