Каталог
Кітапхана жаңалықтары

🔹12 шілде күні арнаулы кітапхана Алға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде “Саусақ ұшындағы инк...

🔹12 шілде күні арнаулы кітапхана Алға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде “Саусақ ұшындағы инклюзия” атты семинар -тренингін өткізді. 🔹Семинар тренингтің мақсаты: зағип және көзі нашар көретін оқырмандармен жұмыс барысында кітапхана мамандарының кәсіби деңгейін арттыру, инклюзивті кітапханалық қызмет көрсету саласындағы үздік тәжірибелер мен жобаларды талқылау, кітапханалар, білім және мәдениет мекемелері, қоғамдық ұйымдар арасында кәсіби байланыстар мен әріптестік орнатып, тәжірибе алмасу.
🔷Шара барысында кітапхананың даму тарихына толық тоқтау жасалып, жетістіктері және жаңашылдығы туралы баяндалды. “Роль библиотеки в жизни незрячих” тақырыбында зағип жандарға арналған тифлоқұрылғылар туралы айтылды. Сонымен қатар, Брайль жүйесі бойынша жазылған әдістемелік құралдар таныстырылып, әдістемелік көмек ретінде кітапхана қорына табыс етілді.”Ерекше кітаптар әлемі “ жобасы аясында түскен тактильді кітаптардан көрме жасақталып, библиографиялық шолу жасалып, зағип жандарға арналған спорт түрлері насихатталды. Сондай-ақ, кітапхана ұжымына “Жақсы көңіл күй -жанға қуат” тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Шара қорытындысы семинар - тренингтің мазмұнына сәйкес, кітапхана қызметкерлеріне арналған сауалнамамен аяқталды. @aqtobe.madeniet @alga_audandyk_kitaphana
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.