Каталог
Кітапхана жаңалықтары

⚜️Ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері елімізде дәстүрлі түрде тойланып келе жатқан ерекше мереке. Қалалық “Қ...

⚜️Ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері елімізде дәстүрлі түрде тойланып келе жатқан ерекше мереке. Қалалық “Қазақ зағиптар қоғамы “ мәдениет үйімен бірлесе «Домбыра - дастан» атты әуенді сағатын өткізді. Мақсаты: ұлт мұрасын ұлықтап, рухани сананы жаңғырту болып табылады.
Қазақтың қара домбырасы – ұлтымыздың бойтұмары. Домбыра күніне орай ұйымдастырылған шарада мәдениет үйінің өнерпаздары күмбірлете күй ойнап, рухани кеш сыйлады.
⚜️Шара барысында тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері жиналған қауымға домбыраның шығу тарихы, құрылымы бойынша сұрақтар қойып, белсене қатысқан оқырмандарға естелік сыйлықтар тарту етті. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.