Каталог
Кітапхана жаңалықтары

🔹8 маусым күні «Кітап фестивалі-2024” шарасы аясында С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы...

🔹8 маусым күні «Кітап фестивалі-2024” шарасы аясында С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен “ Ғажайып қала- Ақтөбе” мерекелік кеші өтті. Кеш барысында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын,
Т. Досымов атындағы республикалық қор директоры, облыстық мәслихат дипутаты Б.Қалмағамбетов, ҚР құрметті азаматы, айтыскер ақын, философия ( PhD) докторы, Ә.Есентүгел, “Алаш”мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырушысы, спортшы, бизнес-тренер, Ө.Туғамбайұлы құттықтау сөз алды. Мерекелік шара аясында құтты мекен Ақтөбенің 155 жылдығына орай, қалалық мәдениет үйінің әншісі Ұ.Досмұратов, жас әнші А. Көшербаев ән арнады. Сонымен қатар, А. Жұбанов музыкалық колледжінің студенттері: А. Мәлікқызы, А. Самарханова қобыз аспабында сазды әуенмен сыр шертіп, “Айсын” радио- журналистика мектебінің оқушылары жергілікті ақындардың өлеңдерін оқып, “Меdia- pro” өнерпаздары би билеп кештің сәнін келтірді. Шара соңында №6655 әскери бөлімінің сарбаздарына “Өмірде шектеу жоқ” психологиялық тренинг өткізілді. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.