Каталог
Кітапхана жаңалықтары

⚜️ Арнаулы кітапхана қызметкерлері 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне арнап, Ақтөбе облыстық есту ж...

⚜️ Арнаулы кітапхана қызметкерлері 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне арнап, Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-колледж кешенінде «Бақытты балалық шақ» атты вook-parties шарасын өткізді. Шара барысында зағип және нашар көретін балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, зейінін ашып, интеллектуалды ойын арқылы білімдерін шыңдады. Кішкентай оқырмандарға «Балаларға базарлық» кітап көрмесі таныстырылып,библиографиялық шолу жасалды. Сонымен қатар, мерекеге орай «АИС плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған балмұздақтар таратылды. Шара соңында оқушылар мен ұстаздар қауымы әсерлі ертеңгілік үшін кітапхана ұжымына өз ризашылықтарын білдірді. @aqtobe.madeniet. @aicekompany_kz
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.