🖊️31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне орай арнаулы кітапхана оқырмандары обл...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
Мақсаты: Азаттық жолында және ашаршылық қасіретінен, құрбан болған бабаларымызды еске алу, рухына тағзым ете отырып, өскелең ұрпақтың санасына отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру. Шара саяси қуғын- сүргін
кезінде дүниеден өткен, зардап шеккен, қазақстандықтарды еске алуға арналған бір минут үнсіздікпен басталды. Саяхат барысында музей қызметкері Айбек Сламғалиұлы оқырмандарға Ақтөбе облысынан шыққан қуғын-сүргін құрбандарын және құжаттамалық деректер туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, оқырмандарға қуғын - сүргінге ұшыраған құрбандар туралы экпозициямен таныстырылды. Шара соңында оқырмандар музей қызметкері Айбек Сламғалиұлына қызықты ақпарат бергені үшін алғыс білдірді.
@aqtobe.madeniet
@museum_aktobe

