⚜️ “Отан оттан да ыстық” атты патриоттық сағаты
⚜️ Бүгін С. Жиенбаев атындағы креативті орталықта облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы қалалық зағиптар мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесіп, 7 мамыр - ҚР Отан қорғаушылар күніне арналған “Отан оттан да ыстық” атты патриоттық сағатын өткізді. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке.
⚜️ Шараға қонақ ретінде кітапхана оқырмандары мен №6655 әскери бөлімінің офицері Ж. Н. Қастеев пен сарбаздары шақырылды.
⚜️Патриоттық сағат барысында арнаулы кітапхана қызметкерлері «Сіз білесіз бе?» атты әбеби квиз ұйымдастырды. «Ер-елінің қорғаны» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып таныстырылды. Сонымен қатар, № 6655 әскери бөлімінің сарбаздары өз өнерлерін ортаға салып, қалалық зағиптар мәдениет үйінің қызметкерлері оқырмандарға әсем ән, күмбірлеген күй жырын тарту етті. Мазмұнды кешке "Aqtobe ", " Рика" телеарнасының тілшілері куә болды.
@aqtobe.madeniet
@zhienbaev_kitaphanasy
@zagiptar.madeniet_yui_aktobe
@vch6655ngrk
@aqtobetv
@rika_news

