Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚 Ә.Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектепте 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық...

📚 Ә.Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектепте 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Book in my life!» атты кітап шоу өткізілді. Кітап шоуда психологиялық кеңес беретін кітаптар, Брайль қарпімен терілген әдебиеттер, аудио кітаптар, "Дара" баспасынан шыққан сиқырлы қалам кітаптарынан көрме жасақталып библиографиялық шолу жасалды.
📚 Шара барысында «Мен оқыған бір кітап» айдары аясында оқырмандар оқыған кітаптарын ортаға салып талқылады. Білімдерін шыңдау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылып, тұшымды жауап алынды.
@aqtobe.madeniet
@71_mektep
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.