Каталог
Кітапхана жаңалықтары

🔷️" Алаш" мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің ғимаратында арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен

🔷️" Алаш" мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің ғимаратында арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен
" Жетістікке жету өз қолыңда!" жобасы аясында
"Табыс жолында " сұхбаты өтті. 🔷️Сұхбат кітапхананың тұрақты белсенді оқырманы " Алаш " мүгедектер қоғамының ұйымдастырушысы, бизнес- тренер, спортшы, жеке кәсіпкер, Өтеген Туғамбайұлына арналды. Шараға қонақ ретінде кейіпкеріміздің анасы Роза Аманғосқызы, әпкесі Жанар Туғамбайқызы, " Алаш" мүгедектер қоғамының төрағасы Әлібек Нұрбайұлы, қоғам белсендісі Өмірсерік Оразалин,
" Лидеры будущего" еріктілер тобының басшысы Рахимов Қадірбек, бала кезгі досы Абдраймов Жансерік, "Қазақ зағиптар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша төрағасы Назым Жұрынбайқызы, қалалық зағиптар мәдениет үйінің әншілері және кітапхана оқырмандары қатысты.
🔷️Шара барысында " Табыс жолында " бейнеролигі көрсетіліп, Өтеген Туғамбайұлының өскен ортасы, отбасы, қоғамдағы қызметі туралы сөз қозғалып, оқырмандарға психологиялық тренинг жүргізілді . 🔷️Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған голбол,блайндфутбол, шоудаун секілді спорт түрлеріне толық тоқтау жасалды. Кейіпкеріміз қолынан шыққан бұйымдарынан көрме жасақтап оқырмандарға таныстырды. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу, өз орындарын табуға көмек қолын созу турасында түрлі сұрақтарға жауап алынып, " Бизнес бастау" жобасының тиімділігі мен артықшылықтары айтылды. Мотивацияға толы сұхбатқа облыстық
" Аqtobe" телеарнасының тілшілері куә болды.
@aqtobe.madeniet
@alash_qogamy
@aqtobetv
@nurmagambet_otegen
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.