Каталог
Кітапхана жаңалықтары

Арнаулы кітапханада «Тифлокино» жобасы аясында «Neurolink Blindsight — зағип жандарға арналған заманауи технол...

Арнаулы кітапханада «Тифлокино» жобасы аясында «Neurolink Blindsight — зағип жандарға арналған заманауи технология» тақырыбында деректі фильм көрсетілімі ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – зағип жандардың кино өнеріне қолжетімділігін арттыру, заманауи технологиялар туралы танымдық ақпарат беру және инклюзивті мәдениетті насихаттау.
Шара барысында қатысушыларға заманауи технологиялар мен көру қабілетін қалпына келтіруге бағытталған ғылыми ізденістер туралы ақпарат берілді. Neuralink компаниясының Blindsight жобасы көру қабілеті ауыр бұзылған адамдардың визуалды қабылдауын қалпына келтіру мүмкіндігін зерттейтін бағыттардың бірі.
Кино көрсетілім тифлокомментарий элементтері арқылы көрермендерге фильм мазмұнын барынша түсінікті қабылдауға мүмкіндік беретін инклюзивті форматта өткізілді.
Қатысушылар фильмді тыңдап, мазмұны бойынша пікір алмасты. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.