«Ана өмір шуағы» әдеби сазды кеші.
⚜ 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған «АНА ӨМІР ШУАҒЫ» әдеби сазды кеші өтті.
Әдеби сазды кешке кітапхана оқырмандары мен қалалық «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Д. Жолмағамбетова,
А. Жұбанов атындағы музыкалық колледжі, Ақтөбе педагогикалық колледжінің өнерпаз студенттері өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, қалалық
№5 мектептің психолог маманы Б. Санабекова
« Қағаз оркестрі», «Лабиринт»,психологиялық тренинг жүргізіп, №71 мектептің кітапханашысы
Н. Сельмағанбетова және мектеп оқушылары өлең- жырларын арнады.
⚜ Шара барысында «Әлемді әлдилеген-Ана» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, мерекенің шығу тарихы туралы ақпарат берілді.
Түрлі форматта логикалық ой жүйріктері анықталды, нәзік жанды аруларға ақындардың жырынан «әдеби монтаж» поэзия оқылды.
Мерекелік кеште «Қазақ зағиптар қоғамы» оқу -өндірістік кәсіпорнының директоры
Д. Жолмағамбетова құттықтап ақ тілектерін арнады.
⚜ Сонымен бірге, әдеби- сазды кешке жомарт жандар олар:
« Бақытжан мешіті» оқырмандарға дәмді тәттілер сыйласа, «ELEGANCE» гүлдер дүкені әдемі гүлдер мен «LIFE DECOR» әсем шарлармен демеушілік етті.
⚜ Мерекелік кешке демеушілік көрсеткен «Бақытжан» мешіті,
А. Қойшығұлова, Г. Мирасбек, Ж. Мурадовна,
А. Тынымов, Н. Махатқа
кітапхана директоры Қ. Раймбаеваның атынан алғыс хаттар табыс етілді. Эмоцияға толы кеш соңында кітапхана оқырмандары өз алғыстарын айтты.
@aqtobe.madeniet
@gaukhar.torty
@baqytzhan_meshiti
@anar_ustaz_koishygul
@lazer_aktobe_04
@lifedecor
@elegance.flowers.store

