Каталог
Новости библиотеки

📙Арнаулы кітапханада «Үздік кітаптар топтамасы» жобасы аясында, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын...

📙Арнаулы кітапханада «Үздік кітаптар топтамасы» жобасы аясында, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау және үздік әдеби шығармаларды кеңінен таныстыру мақсатында «Даналыққа бастар кітаптар» атты библиофреш шарасы өтті.
Іс-шара барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен даналықтың қайнар көзі екені айтылып, оқырмандар назарына тағылымы мол, мазмұны терең үздік кітаптар ұсынылды. Үздік кітаптар қатарында қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің шығармаларымен қатар, әлем әдебиетінің таңдаулы туындылары да таныстырылды. Библиофреш барысында әр кітаптың мазмұны мен ерекшелігіне қысқаша шолу жасалып, оқырмандарды ойландыратын, ізденуге жетелейтін шығармаларға назар аударылды. Шара соңында қатысушылар таңдаулы кітаптарды оқудың артықшылықтарына тоқталып өзара пікір алмасты. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.