Каталог
Новости библиотеки

📖Арнаулы кітапханада №5 жалпы білім беретін орта мектептің оқушыларының қатысуымен қазақ халқының даңқты баты...

📖Арнаулы кітапханада №5 жалпы білім беретін орта мектептің оқушыларының қатысуымен қазақ халқының даңқты батыры Асау Барақ Сатыбалдыұлы туралы «Ел жадындағы ер тұлға» атты ақпараттық сағат өтті. Мақсаты – оқушыларға батырдың өмірі мен ерлік жолын таныстыру, халқымыздың тарихи мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру. Шара барысында Асау Барақ Сатыбалдыұлының ел қорғау жолындағы ерлігі, батырлық болмысы мен қазақ тарихындағы орны туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар, батырдың есімін ұлықтап, ерлік жолын дәріптейтін «Асау Барақ» жыры туралы бейнеролик көрсетілді. Тағылымды кездесу өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елін, жерін сүйетін, ұлттық рухы биік азамат болып өсуіне ықпал етті. Ел жадында сақталған ұлы тұлғалардың есімін ұлықтау – тарих алдындағы парыз болып саналады. @aqtobe.madeniet @5_orta_mektep
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.