Қазақ әдебиеті – халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық болмысымыз бен тарихымыздың көркем шежіресі. Ғасырлар бой...
Не удалось открыть видео. Попробуйте позже.
Қазақ әдебиеті – халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық болмысымыз бен тарихымыздың көркем шежіресі. Ғасырлар бойы қалыптасқан әдеби мұрамызда елдің тағдыры, халықтың арман-аңсары, салт-дәстүрі мен адамгершілік құндылықтары кеңінен көрініс тапқан.
Сіздердің назарларыңызға көркем шығармалар мен қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің туындыларынан құралған «Қазақ әдебиетінің жауһарлары» бейнешолуын ұсынамыз.
Бұл бейнешолуда ұсынылған әр кітап – оқырманды өткенді тануға, бүгінді бағалауға, болашақты ойлауға жетелейтін рухани қазына. Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» жинағы — қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аударма-мысалдар жинағы. 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында басылып шықты. Бұл жинақта А. Байтұрсынұлы орыстың атақты жазушысы И. А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне еркін аударып, қазақ өміріне, тұрмыс-салты мен мінез-құлқына бейімдеп өңдеген. Мақсаты: Қалың ұйқыда жатқан халықтың санасын ояту, оларды білімге, ынтымаққа, әділдікке шақыру және қоғамдағы надандық, жалқаулық, алауыздық, тәкаппарлық сияқты келеңсіздіктерді сынға алу. Автор әрбір мысалдың соңына өз тарапынан ғибратты қорытынды (түйін) жазып отырған. Қазақ әдебиетінің жауһарларын бірге оқып, бірге танып, рухани әлемімізді байытайық! @aqtobe.madeniet