Каталог
Новости библиотеки

📚Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен Ақтөбе облыс...

📚Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінде «Арт-терапия» жобасы аясында «Сезімдер терапиясы» атты шығармашылық терапия сабағы өтті.
Мақсаты: көзі нашар көретін балалардың қоршаған ортаны тану, сезу қабілеттерін арттыру, сонымен қатар, қиялы мен ұсақ моторикасын дамытуға қолдау көрсету.
Арнайы ұйымдастырылған шығармашылық сабақ барысында балалар әлемді саусақ ұшымен, дыбыстармен және ішкі түйсікпен сезінуге мүмкіндік беретін түрлі тапсырмаларды орындады. Бұл терапия ерекше балалардың ішкі кедергілерінен арылып, өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға және қоғамға бейімделуіне үлкен септігін тигізеді.
Шара соңында қатысушылар ерекше әсер алып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын мақтанышпен көрсетті. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.