Каталог
Новости библиотеки

📚Арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен Дағдарыс орталығында арт-терапия жобасы аясында оқырмандардың кітап оқ...

📚Арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен Дағдарыс орталығында арт-терапия жобасы аясында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және интеллектуалдық белсенділігін қалыптастыру мақсатында «Кітап әлемінің зеректері» атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Сайыс барысында қатысушылар әдебиет, өнер, тарих, мәдениет және кітап әлеміне қатысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Ойын бірнеше кезеңнен тұрып, логикалық тапсырмалар, жұмбақтар, әдеби кейіпкерлерді тану және кітап мазмұны бойынша сұрақтар қамтылды.
Іс-шара қатысушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге, есте сақтау және шапшаң шешім қабылдау дағдыларын дамытуға, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
«Кітап әлемінің зеректері» интеллектуалдық сайысы танымдық әрі қызықты форматта өтіп, қатысушыларға өз білімдерін сынап, жаңа ақпараттармен толықтыруға мүмкіндік берді.
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.