Каталог
Новости библиотеки

📚30 сәуір арнаулы кітапханада қазақ музыкасының шоқтығы биік тұлғасы, Қазақстанның халық әртісі, академик Ах...

📚30 сәуір арнаулы кітапханада  қазақ музыкасының шоқтығы биік тұлғасы, Қазақстанның халық әртісі, академик Ах...
📚30 сәуір арнаулы кітапханада қазақ музыкасының шоқтығы биік тұлғасы, Қазақстанның халық әртісі, академик Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Саз әлемінің саңлағы» атты әуенді сағат өтті. Мақсаты: Ахмет Жұбановтың қазақ музыка өнеріндегі өлшеусіз еңбегін дәріптеп, ұлттық рухани мұраны насихаттап, ұлттық өнерге деген құрметті арттыру. Кеш барысында композитор Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, әндері туралы арнайы бейнеролик көрсетілді. «Ұлт өнерінің ұлы тұлғасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, композитордың «Ақ көгершін», «Қарлығаш» әндерін оқырмандар шырқады. Ахмет Қуанұлы Жұбанов қазақ музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі, композитор, дирижёр, музыкатанушы, педагог. Ол қазақтың халық музыкасын зерттеп, нотаға түсіріп, ұрпаққа жеткізген ірі тұлға. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының негізін қалаушылардың бірі болып, ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарған. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.