23 сәуір – Ұлттық кітап күні: арнайы педагогика кеңістігіндегі тәжірибелік таным
Не удалось открыть видео. Попробуйте позже.
23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында «6В01102 – Психология және білім беру менеджменті» білім беру бағдарламасының 2-курс білім алушылары «Арнайы педагогика негіздері» пәні шеңберінде пән оқытушысы Мейірханова А.А. жетекшілігімен Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханаға танымдық-тәжірибелік экскурсияға барды.
Іс-шараның мазмұны «Арнайы педагогика негіздері» пәнінде оқытылатын көз жанары зақымдалған балаларға білім беру қағидаттарын тәжірибелік тұрғыда игеруге бағытталды.
Экскурсияның келесі кезеңінде білім алушылар арнайы кітапхана қорындағы ересектер мен балаларға арналған аудиокітаптар, Брайль жүйесі арқылы әзірленген әртүрлі жанрдағы әдебиеттермен танысты. Сондай-ақ, Брайль әліпбиінің алты нүктелік құрылымына негізделген жазу принциптерін, мәтінді компьютерлік теру, арнайы принтер арқылы басып шығару алгоритмдерін көріп, тифлотехникалық құралдардың қызмет ету ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде зерделеді.
Кітапхана директоры Раимбаева Құралай Серікқызы білім алушыларды кітапхана ресурстарын жүйелі пайдалануға шақырып, «Педагогика және білім берудегі менеджмент» факультетімен ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

