Каталог
Новости библиотеки

📚Арнаулы кітапхана Әлкей Марғұлан атыңдағы № 71 орта мектепте қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны Күләш Ахмет...

📚Арнаулы кітапхана Әлкей Марғұлан атыңдағы № 71 орта мектепте қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны Күләш Ахметованың 80 жылдық мерей тойына арналған «Мөлдір жырдың моншағы» поэзия кешін өткізді.. Мақсаты: қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақын өлеңдері арқылы Отанға, тілге деген сүйіспеншілікті арттыру, сөз өнерін құрметтеуге, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеуді қалыптастыру.
Кеш барысында қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы, өткен ғасырдан бастау алып, жаңа ғасырда да жалынды да жауһар жырларымен танылған қазақтың айтулы да айбынды ақын қыз Күләш Ахметованың ақындық әлемі мен әдеби мұрасы таныстырылып,
өлең өлкесіндегі туындылары оқылды. Оқушылар ақынның «Қазақ қызы», «Ақын», «Анам туралы», «Халық», «Сарыөзек-сағыныш», «Мен бір бақыт іздеп жүрмін достарым», «Қазақтың тұтастығы қасиетті іс» өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Күляш Ахметованың әндері» атты бейнероликті тамашалады.Табиғат толғаныстарын,сезім иірімдерін, адамгершілік пен ұлтжандылықты, жеке адам психологиясын, қоғамның өзекті мәселелерін жырлаған шығармашылығы туралы «Поэзияның ақ гүлі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. @aqtobe.madeniet @71_mek
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.