📙Ә.Марғұлан атындағы
Не удалось открыть видео. Попробуйте позже.
№71 жалпы білім беретін орта мектепте 12сәуір - Ғылым қызметкерлерінің күніне арналған “Ғылым — ел болашағының кепілі” тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
Мақсаты: оқырмандарды, оқушыларды ғылымға қызықтыру, ғылыми жетістіктерді насихаттау және жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттыру.
Кеш барысында ғылымның маңызы, ғалымдардың қоғамдағы орны туралы мәліметтер беріліп, көрнекті ғалымдардың өмірі мен еңбектері туралы
видеожазба арқылы таныстырылды.Шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, ғылым саласына қатысты әдебиеттер ұсынылды.
Қатысушылар арасында «Ғажайып төрттік», «Бәйге», «Жеті жұрттың тілін біл» кезеңдерімен сұрақ-жауап, танымдық ойындар өткізіліп, белсенді оқырмандар марапатталды. Сонымен қатар, ғылыми жоба қорғаған оқушылар өз ойларымен бөлісіп, ғылымға қатысты пікір алмасты.
Аталған шара оқырмандардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрісін кеңейтуге ықпал етті. @aqtobe.madeniet
@71_mektep

