Каталог
Новости библиотеки

Арнаулы кітапхана мамандары №5 орта мектептің 4-сынып оқушыларына “Балаларға базарлық” жобасы аясында қазақтың...

Арнаулы кітапхана мамандары №5 орта мектептің 4-сынып оқушыларына “Балаларға базарлық” жобасы аясында қазақтың тұңғыш ғарышкері, Тоқтар Әубәкіровтің туғанына 80 жыл толуына орай «Ұлт мақтанышы» атты библиосаяхат өткізді.
Шара барысында оқушылар Тоқтар Әубәкіровтың балалық шағы мен ұшқыш болу арманы туралы қызықты мәліметтер алды.
1991 жылғы тарихи ұшу сәті мен ғарыштағы зерттеулері туралы бейнебаяндар тамашалады. Кітап көрмесі арқылы ғарыш әлеміне саяхат жасап, викториналық сұрақтарға жауап берді. Балалар үшін Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолы — нағыз ерліктің, табандылық пен отансүйгіштіктің үлгісі. Оқушылар өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақта еліміздің мақтанышы болуға серт берді. @aqtobe.madeniet @5_orta_mektep
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.