📙Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінде арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен «Арт- терапия»...
Мақсаты: балалардың сезім мүшелерін дамыту, қоршаған ортаны түйсіну қабілетін арттыру және ұсақ моториканы жетілдіру.
Шара барысында оқушылар арнайы қораптың ішіне салынған түрлі заттарды көзбен көрмей, тек қолмен сипап сезу арқылы олардың қандай зат екенін анықтауға тырысты.
Бұл әдіс балалардың зейінін, ойлау қабілетін және елестету дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, сенсорлық терапия арқылы балалар өз сезімдерін жақсырақ түсініп, еркін жеткізуге мүмкіндік алды. @aqtobe.madeniet @shkolainternatkolledzh

