📘Қалалық @akt_13_13 мектепте Қазақ ақыны, сазгер,драматург Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығына арнал...
Не удалось открыть видео. Попробуйте позже.
Шараның мақсаты – оқырмандарды ақынның өмір жолымен, шығармашылық мұрасымен таныстыру, әндері мен өлеңдері арқылы қазақ өнерінің байлығын насихаттау.
Іс-шара барысында Бәкір Тәжібаевтың өмірбаяны туралы мәліметтер айтылып, шығармалары таныстырылды. Қатысушылар ақынның өлеңдерін оқып, әндері орындалды. Сонымен қатар, «Ән мен жыр әлемінің көрнекті өкілі» кітап көрмесі жасақталып оқушыларға таныстырылды.
Шара соңында оқырмандар ақын шығармашылығы туралы пікірлерімен бөлісіп, қазақ әдебиеті мен өнеріндегі Бәкір Тәжібаевтың орны ерекше екенін атап өтті. @aqtobe.madeniet @akt_13_13

