Каталог
Новости библиотеки

📘Наурызнаманың он күндігі аясында 18 наурыз- “Ұлттық киім күні” болып аталады. Қазақтың ұлттық киімдері әсемд...

📘Наурызнаманың он күндігі аясында 18 наурыз- “Ұлттық киім күні” болып аталады. Қазақтың ұлттық киімдері әсемдігімен, ою-өрнегімен және қолөнер шеберлігімен ерекшеленеді. Атаулы күнге сәйкес “Ұлттық киім — мәдениеттің айнасы” тақырыбында подкаст өтті.
Сұхбат қонағы Ақтөбе облыстық дизайнерлер мен тігіншілер қауымдастығының төрайымы, “Sagira” тігін орталығының негізін қалаушы Изимова Сағира Хабдулаевна.
Сұхбат барысында қазіргі ұлттық киім тігу үлгілері, оның сұранысы жөнінде баяндалып, сән трендінің ерекшелігі туралы айтылды. Киімдерге салынған ою-өрнектердің мағынасы сөз болды.
Бүгінде ұлттық киім мәдениеті қайта жаңғырып, мерекелерде, сән көрсетілімдерінде және түрлі мәдени іс-шараларда кеңінен қолданылып жүр. Ата-бабадан қалған мұраны сақтап келесі ұрпаққа жеткізу біздің ортақ міндетіміз! @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.